Техникалық және кәсіптік білім беруге STEM-ді енгізу

2023 жылдың 13 маусымында «Техникалық және кәсіптік білім беруге STEM-ді енгізу» инновациялық жобасын жүзеге асыру аясында Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі мен «Astana Polytechnic» жоғары колледжінің тәжірибесін тарату алаңы Құзыреттілік  орталығында  ұйымдастырылды.

Іс-шараның басында Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Сейітова Ж.Е. және «Astana Polytechnic» жоғары колледжінің әдіскері Садвакасова Г.К. аталмыш жобаны жүзеге асырудағы тәжірибелерімен бөлісті, оқу үдерісіне STEM технологиясы мен инновацияларды енгізудің нәтижелері туралы мәліметтерді  ұсынды.

Шеберлік сыныбында Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің студенттері экологиялық өнімдерді өсіру бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті, тағам дайындауда микроаскөктерді қолдану ерекшеліктерін көрсетті. Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің өндірістік оқыту шеберлері Есиповская Н.В. және Нурманова А.Д. тамақ өнеркәсібінде STEM технологиясын қолданудағы инновациялар туралы айтып, дұрыс тамақтану бойынша практикалық ұсыныстар берді.

Студент Төлеутай Мейіржан А.Р. «Astana Polytechnic» жоғары колледжінің арнайы пән оқытушылары Байменова А.Р. және Стасишина Т.Г.жетекшілігімен Arduino негізіндегі «Ақылды үй»  жүйесін көрсетіп, IT саласына STEM технологиясын еңгізудің ерекшеліктерін көрсетіп, тың жаңалығымен бөлісті.

Алаң жұмысына  40-тан астам колледж оқытушылары қатысты.

Іс-шара соңында  қатысушылар жобаны жүзеге асырудағы білім беру мекемелерінің қызметі туралы пікір алмасып, алдағы уақытта табысты жұмыс жасау үшін ұсыныстар жасады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған