«WORDSKILLS – 2023» жұмысшы мамандықтарының қалалық чемпионатының жеңімпаз – студенттерге арналған үшінші психологиялық тренинг өткізілді

2023 жылдың  9 маусым  күні  Жоғары көлік және  коммуникация  колледжінің базасында «WORDSKILLS – 2023» жұмысшы мамандықтарының қалалық чемпионатының жеңімпаз – студенттерге арналған үшінші психологиялық тренинг өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: «WORDSKILLS – 2023» Ұлттық және Халықаралық чемпионаттарға психологиялық және ерікті касиеттерің   дайындау.

«Томирис» медициналық  колледжінің психологі Костанова Ж.С. және мектеп – лицей  №92 психологі  Ғ.Е.Ахметова  жарыс алдында психологиялық кедергіден өту және денсаулық сақтау технологияларының әдіс-тәсілдерін қолдану жаттығуларын өткізді.

Студенттер тренингке белсенді қатысып, ұсыныстарға позитівті  жауап берді, алған әсерлерімен бөлісті.

Іс-шара соңында Әдістемелік орталықтың ТжКББ  бөлімінің әдіскері Исина Н.С. өткізілген үш семинар-тренингтер  бойынша қорытынды әңгіме жүргізді.

Студенттер өткізілген психологиялық  жаттығулардың оң жақтарын атап өтті, WORDSKILLS- 2023 қатысуға дайындалуға көмектескені үшін  ұйымдастырушыларға   алғыстарын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған