«ПЕДАГОГТЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ: ІС-ТӘЖІРИБЕ, НӘТИЖЕ»

Педагогтердің кәсіби қауымдастығын дамыту мақсатында қалалық қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің Педагогтер қауымдастығы мен Шығармашылық топ мүшелері және орталықтың әдіскері Жанар Сейтахметқызы оқыту практикасын табысты іске асыру үшін педагогтерді әдістемелік сүйемелдеу жұмыстарын жүргізіп келеді.

Педагогтер қауымдастығы мен Шығармашылық топ мүшелері және көшбасшылары Самал Жақсылыққызы мен Маржан Жалаубайқызы құзырлы  және жоғары білікті педагогтерді  анықтау, тәжірибелерін тарату жұмыстармен бірге  педагогтерге консультативтік-әдістемелік көмек, сараптамалық топтарға қатысу, жас педагогтердің тәлімгерлігі, жадынамалардың әдістемелік ұсынымдарын әзірлеу, мұғалімдерге арналған іс-шаралар, авторлық жұмыстарға шолу бағытындағы жұмыстарды ұйымдастырады.

8 маусым 2023 ж. күні Педагогтер қауымдастығы мен Шығармашылық тобының «Педагогтер қауымдастығы: іс-тәжірибе, нәтиже» тақырыбында 2022-2023 оқу жылының қорытынды отырысы өтті.

Отырыста Педагогтер қауымдастығының 2022-23 оқу жылының жұмыс қорытындысы, жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспарын талқылау, құру, жаңа оқу жылының Тамыз конференциясын өткізу мәселелері қаралды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған