Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының оқу-тәрбие үрдісінде медиативтік технологияларды қолдану

2023 жылдың 6 маусымында Астана қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының жас педагогтеріне арналған «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының оқу-тәрбие үрдісінде медиативтік технологияларды қолдану» тақырыбындағы семинар Д.Қонаев атындағы колледж базасында өтті.

           Жас педагогтердің кәсіптік құзыреттілігін дамыту мақсатында өткізілген семинар барысында заманауи педагогтің жағымды имиджін қалыптастыру жолдары,  кәсіби табысқа жетуде  өзін-өзі дамытудың маңызы, педагогикалық қызмет атқару барысында кездесетін түрлі кикілжің мен дау-қақтығыстарды  шешудің тиімді  жолдары мен медиативтік технологияларды қолдану бойынша Астана қаласы әкімдігінің ТжКББ бөлімінің әдіскерлері Б.Сейдахметова, Н.Исина, Р.Давлетбаева және Астана қаласы әкімдігінің «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» КММ психологі А.Мошке тарапынан әдістемелік  көмек көрсетіліп, маңызды практикалық ұсыныстар берілді.

Семинар психологиялық тренинг,  іскерлік ойын, медиация бойынша кейс шешу форматында жүзеге асырылды. Жас педагогтер кәсіби қызметінде қолданатын психологиялық ұсыныстар мен іскерлік ойын түрлеріне, коммуникативтік техникаларға, даулы жағдайлар мен білім алушылардың асоциалды мінез-құлқының алдын-алу тәсілдеріне қызығушылық танытып,  өз жұмыстарында пайдалануға ниет білдірді.

Семинар жұмысына 30-ға жуық жас педагог қатысты.

Кері байланыс сауалнамасы жас мамандар үшін семинар мазмұнының танымды әрі пайдалы болғанын көрсетті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған