1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бүгін елордада Қалалық Білім басқармасының қолдауымен Ұстаздар аллеясында балаларға, ата-аналарға арналған мерекелік іс-шара өтті.
Осыған орай Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығының» психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскерлері Л.Ж. Бодикова, Т.С. Сатымбекова, №6 мектеп-гимназиясының педагог-психологы Я. А. Банникова, №2 мектеп-гимназиясының педагог-психологы Г. Ж. Нурушева балаларға, ата-аналарға психологиялық кеңес беріп, көрнекі буклеттер таратты.
Ата-аналардың психологтардан кәсіби кеңес алуға деген үлкен қызығушылығы қуантады.