Балаларды қорғау күні – жарқын, шуақты мереке!

2023 жылғы 1 маусым күні барлық елордалық балабақшаларда  балаларды қорғау күніне орай түрлі мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр.

Сонымен қатар, Астана қаласы Білім басқармасының қолдауымен Астана қаласының «Әдістемелік орталығы» бірқатар балабақшалардың 80 тәрбиеленушілері үшін ұстаздар аллеясында  «Балалық шақ – ғажайыптар әлемі» атты іс-шара ұйымдастырды.

Шара барысында «Сиқырлы алаң», «Алаңдағы бестемше» танымдық ойындары, аниматорлармен қимылды ойындар, спорттық эстафета, музыкалық оркестрлік концерт өтті. Балалар ән айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетті. 

Іс-шара соңында балалар асфальтқа сурет салып, флешмоб ұйымдастырылды.

Іс-шараға Астана қаласының педагогтері мен тәрбиеленушілері қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған