СТУДЕНТТЕРДІҢ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫ

Заманауи қоғамның қарқынды дамуы сауатты, эрудитті, мобильді және өзін-өзі жетілдіруге дайын мамандарды қажет етеді.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі – болашақ мамандардың кәсіби деңгейін дамытудың негізі,  сонымен қатар, білім алушылардың тұлғалық және әлеуметтік дамуының тиімді ресурсы болып табылады.

Студенттердің пәндік олимпиадасы – білім алушылардың эрудициясы мен негізгі құзыреттіліктерін тексеруге, логикалық ойлауы және абстрактілі ойлау қабілеттерін дамытуға арналған тамаша алаң.

2023 жылдың 30 мамыр күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК  Техникалық колледжімен бірлесіп, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы І курс студенттері арасында қалалық олимпиада өткізді.  Олимпиада жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша жүзеге асырылды:

•          Мемлекеттік тілде оқытатын топтардағы математика;

•          Мемлекеттік тілде оқытатын топтардағы физика;

•          Мемлекеттік тілде оқытатын топтардағы информатика;

•          Мемлекеттік тілде оқытатын топтардағы биология;

•          Мемлекеттік тілде оқытатын топтардағы химия;

•          Мемлекеттік тілде оқытатын топтардағы география;

•          Орыс тілінде оқытатын топтардағы математика;

•          Орыс тілінде оқытатын топтардағы физика;

•          Орыс тілінде оқытатын топтардағы информатика;

•          Орыс тілінде оқытатын топтардағы биология;

•          Орыс тілінде оқытатын топтардағы химия;

•          Орыс тілінде оқытатын топтардағы география.

            Астана қаласының колледж студенттеріне таңдаған пәні бойынша өздерінің пәндік білім деңгейлерін, құзыреттіліктері мен эрудицияларын әділ бәсекеде көрсетуге мүмкіндік берілді.

          Сараптама комиссиясының құрамына Әдістемелік орталықтың әдіскерлері, білім орталықтары өкілдерімен қатар, мемлекеттік, жекеменшік мектептердің тәжірибелі педагогтары енді.

Олимпиадаға 28 колледжден барлығы 194 студент қатысты.

Олимпиада жеңімпаздары мен қатысушылары I, II, III дәрежелі дипломдармен және қатысу сертификаттарымен марапатталды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған