Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Зияткер педагог» жарысы өтті

2023 жылдың 30 мамыр күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» ұйымдастыруымен №61 «Шолпан» балабақшасында Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының  педагогтері арасында «Зияткер педагог» сайысы өтті.

Жарыс Бестемшенің рапид түрі бойынша швейцар жүйесімен өткізілді. Жарысқа қатысушылар арасында жеребе арнайы компьютерлік бағдарламаның көмегімен жасалды.  

Жарысқа Астана қаласының тоғызқұмалақ спорт Федерациясы бекіткен төрешілер қазылық етті.  Елордалық балабақшалардан 27 өтінім түсті. Қазылар алқасы мүшелерінің сараптамасына сәйкес жеңімпаздар төмендегідей орындарға ие болды.

І орынды №61 «Шолпан» балабақшасының педагогі, ІІ орынды №70 «Құлыншақ» балабақшасының педагогі, ІІІ орынды №92 «Жауқазын» мен №76 «Әдемі» балабақшаларының педагогтері  иеленді.

Жеңімпаз педагогтерге Астана қаласының тоғызқұмалақ спорты Федерациясы атынан медальдар мен дипломдар және ақшалай сыйлықтар табысталды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған