«Lesson study зерттеу сабақтары – даму мен ілгерілеудің формуласы» қалалық семинар

2023 жылғы 26 мамыр күні  Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК және №73 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен №73 мектеп-лицейі базасында Астана қаласының жетекші мектептер педагогтеріне «Lesson study зерттеу сабақтары – даму мен ілгерілеудің формуласы»  тақырыбында қалалық семинары өтті.

  • Семинардың мақсаты мұғалімдердің оқыту және бақылау дағдыларын дамытуда Lesson Study тәжірибесін жүргізудің тиімділігін бөлісу.

 №73 мектеп-лицей педагогтері  Ж.М.Абильдаева, А.К.Сердалы, С.Г.Баймишева, А.Закбек, Н.Б.Баймырзаев, Ж.Ж.Акимгалиева, К.Р.Сырлыбаева, К.К.Наурызбаева, №74 мектеп-лицейінің педагогтері  П.С.Мусагалиева, Л.А.Тұрсынова, К.Т.Кукенова, Қ.Е.Қабжан,  №12  балабақша-бастауыш мектептің педагогтері  А.А.Боранбаева, Н.Ж.Балтабаева, А.С.Калиакпаровалар  шебер сыныптар өткізіп, өз шеберліктерімен бөлісті.

Кері байланыс кезінде семинар қонақтары тәжірибе алмасқан мұғалімдермен ашық, нақты кері байланысқа түсіп, семинарлардан алған әсерлерімен бөлісіп, өз тілектері мен ұсыныстарын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған