«БАЛА АБАЙДАН ДАНА АБАЙҒА» ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАРЫ

24.05.23 ж. күні «Абай Кіші Академиясы» жобасы аясында жүргізілетін «Бала Абай» эксперименттік алаңның жылдық қорытынды қалалық семинары өтті.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 27 наурыздағы № 139 бұйрығы негізінде  Астана қаласы Білім басқармасының «2022-2023 оқу жылында Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдарында эксперименттік алаңдар жұмысын ашу туралы» 5.09.2022 ж.   №704 бұйрығына сай «Абайтануды» пәнін эксперимент режимінде іске асырылатын әзірленген білім беру бағдарламасын сынақтан өткізу бойынша  №4 Ж. Жабаев атындағы мектеп-гимназиясының, №86 М. Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының,                 І. Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназиясының, №77 мектеп-гимназиясының 1-4 сыныптарына ендіріліп, бір жыл бойы осы мектептер арасында тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілді.

Бұл жолы «Бала Абай» эксперименттік алаңның жылдық қорытынды жұмысы қала деңгейінде көрсетілді. Бұл семинардың мәні де мағынасы да өзекті. Қасиетті Абайдың атын иеленген білім ұясының дайындығы да өткізу формасы да көңілден шықты. Семинарға қала меткептерінің бастауыш сынып орынбасарлары мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының  меңгерушілері  қатысты. «Абай әлемі» пилоттық жоба негізінде тәжірибе алмасу бағытында ұйымдастырылды. Бірінші бөлімде бала Абайға қатысты сабақтарымен тәжірибе бөліссе, екінші бөлім tedx форматындағы пікір алмасу семинардың салмағын арттырды. Ұстаздармен қатар мектеп оқушылары да Abai talks алаңына шығып ой өрбітті. «Бала Абай» курсынан түлеп ұшқан оқушылар 5-сынып оқушылар «Ескендір» поэмасын жатқа оқыды. «Бала Абай»  байқауының бір бөлігі қайым айтыста бастауыш сынып оқушылары өз өнерлерін ортаға салды. Абай аудармалары мен «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі жатқа оқылып, әріптес көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. «Абай тағылымы» авторлық қойылым да бастауыш сыныптан құралған хор да жоғары деңгейде орындалды. Семинарға қатысқан мектеп мұғалімдері мен балабақша  әдіскерлері «Бала Абай» жобасын өз ұжымында жалғастыруға ниет білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған