ЧЕХИЯДАҒЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИНКЛЮЗИВТІ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2023 жылдың 10 -16 мамыр аралығында Чехия республикасының астанасы Прага қаласында өткен «Чехиядағы мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі инклюзивті оқытудың ерекшеліктері, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс» тақырыбындағы халықаралық білім беру тағылымдамасынан елордалық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілері тәжірибе бөлісу мақсатында шебер-сынып өткізді.

Прага қаласында өткен семинарға бейне шолу жасап, Чехиядағы мектепке дейінгі тәрбие жүйесі және инклюзивті білім беру ерекшеліктері мен таныстырды.

Чех мемлекетінің Германия елінен енгізген «KIKUS» әдісімен таныстырып, қатысушыларға арнап шебер-сынып ұйымдастырылды. Әдістеме Чехиядағы мектеп жасына дейінгі балалардың шет тілін меңгеруге бағытталған. Сонымен қатар Чехия республикасының зерттеуші ғалымы ұсынған Эрве Тюлленің «Сиқырлы шарлар» атты жұмыс дәптерімен таныстырып, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілері қатысушыларымен қазақ тілінде өңделіп жасалған жанды кітаппен шебер-сынып өткізді.

Іс-шараға мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 98 меңгерушілері қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған