SHARE халықаралық жобасы

SHARE халықаралық жобасы шеңберінде жүргізілетін зерттеулер бойынша педагогтердің қызметін қолдау мақсатында 2023 жылғы 24 мамырда Кембридж фасилитаторлары мен Астана қаласы бойынша жобаның желілік үйлестірушілерінің қатысуымен жергілікті сессия өткізілді.

Семинар жұмысына 25 мектептің SHARE-1,2,3 топтарынан 75 педагог қатысты.

Семинар барысында білім алушыларды оқу үдерісіне тарту және тәжірибедегі өзгерістерді одан әрі жоспарлау мәселелері талқыланды.

Сессия соңында педагогтер білім алушыларды оқу үдерісіне тарту бойынша өздерінің зерттеу сұрақтары аясында келесі қадамдар мен жоспарларды анықтады, сондай-ақ кері байланыс берді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған