«Ең үздік жедел медициналық жәрдем бригадасы-2023» байқауы өткізілді

2023 жылдың 18 мамырында Астана қаласы жедел медициналық жәрдем станциясы базасында Астана қаласы медициналық колледждерінің  бітіруші түлектерінің арасында «Ең үздік жедел медициналық жәрдем бригадасы-2023» байқауы өткізілді.

       Байқау техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің «Мамандық академиясы» жобасының аясында өткізілді.

      Байқау ұйымдастырушылары:  Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, «Шипагер» медициналық колледжі.

      Байқау мақсаты:

– кәсіби медициналық қызметкерлер мамандығының құзыреттіліктерін қалыптастыру мен беделін арттыру.

            Сайысқа Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ МКК,  «Шипагер» медициналық колледжі мекемесі, «Томирис»  медициналық колледжі» ЖШС, «Республикалық Медициналық Академиясы» ЖШС,  «З.Г.Мурзагулова атындағы «Даналық» жоғары медициналық колледжі» БМ командалары қатысты.

     Әр команда «Емдеу ісі» мамандығы бойынша  бітіруші топтардың үш студентінен құрылды.

     Байқау  төмендегі кезеңдер бойынша жүргізілді:  Таныстыру «Мен және 103», жедел медициналық жәрдемге қатысты сұрақтар, медициналық терминдер, медициналық жабдықтар, шұғыл көмекке қажетті дәрілік заттар бойынша «Блиц-турнирлер», жағдаяттық есептер шешу,  ауруханаға дейінгі алғашқы көмек бойынша іскерлік ойындар және т.с.с.

Байқау тапсырмаларын орындауың  бағалаушылар:

– Реанимациядан еуропалық кеңестің халықаралық нұсқаушысы, республикалық жедел жәрдем сайысының жеңімпазы, жедел жәрдем реанимациялық  шығу  бригадасының дәрігері   Молдашов Дастан Нурланулы

– Реанимациядан еуропалық кеңестің халықаралық нұсқаушысы, республикалық жедел жәрдем сайысының жеңімпазы, жедел жәрдем реанимациялық  шығу  бригадасының дәрігері Насымбаев Жалгас Рамазанұлы

– Американың кардиология ассоциациясының  халықаралық    нұсқаушысы, республикалық жедел жәрдем сайыстарының жеңімпазы, жедел жәрдем реанимациялық  шығу      бригадасының дәрігері Курманаев Рустам Кинжигалиевич

Орындалған тапсырмалар нәтижесі бойынша марапатталғандар:

І дәрежелі диплом- «Шипагер» медициналық колледжі, жетекшілері Садыков М.Б., Адылканова А.М., Сейдахметова Б.А.,  Алибек  А.С.

ІІ дәрежелі диплом- «З.Г.Мурзагулова атындағы «Даналық» Жоғары медициналық колледжі», жетекшілері Бисембаева А.К., Шабданова М.А.

      ІІІ дәрежелі диплом- Астана қ. әкімдігінің «Жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ МКК, жетекшілері Сулейменова  Б.А., Теслина Г.Н., Кашаева П.К.,  Анарова А.А., Әлиев А.А..

Іс-шара соңында қатысушылар өз ойларымен, әсерлерімен бөлісті және Жедел медициналық жәрдем станциясы ұжымына байқау тапсырмаларын дайындауда көрсеткен көмегі, база мен медициналық жабдықтармен қамтамасыз еткені, сондай-ақ байқауды ұйымдастырудағы жан-жақты қолдаулары үшін алғыс білдірді.

One comment

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған