II қалалық «Қауіпсіздік әліппесі» фестиваль-байқауы

2023 жылғы 19 мамыр күні «№3 арнайы мектеп» КММ 10-14 жас аралығындағы  ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған II қалалық  «Қауіпсіздік әліппесі»  фестиваль-байқауы өтті.

Фестивальдің мақсаты – оқушылар арасында қауіпсіз мінез-құлық негіздері мен дағдыларын қалыптастыру; жарысқа қатысушыларды өмір қауіпсіздігі мәдениетінің негіздерімен таныстыру; әрбір қатысушының шығармашылық потенциалын дамыту; ерекше білім беруді қажет ететін балалардың шығармашылығына қоғамның назарын аудару.

Фестиваль-байқау екі кезенде өтті:

  1.  Астана қаласының білім беру ұйымдарының өзінде;
  2.  қалалық деңгейде.

Байқауға 9 мектебінен 24 оқушы 4 номинация бойынша қатысты:

– «Қауіпсіздік ережесі» сурет байқауы;

– «Күн сайын қауіпсіздік!» қол бұйымдар байқауы;

– «Қауіпсіздік Балалардың  көзімен» әлеуметтік бейнероликтер байқауы;

– «Қауіпсіз жаз» үгіт бригадаларының байқауы.

Үш номинация бойынша І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, кубоктар және ақшалай сертификаттар төмендегі жеңімпаздарға табысталды:

І орын  – Олейникова Анастасия, Алмаз Нұрасыл, Кенжебек Нұрислам;         ІІ орын – Тұрлыбек Каусар, Қарғызбай Альтаир, Заитов Данил;

ІІІ орын – Ержанова Тамила, Марат Мейрлан, Садвокасов Мансур.

Барлық қатысушылар мен жетекшілері байқауға қатысқаны үшін  мадақтамалармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.

Үгіт бригада байқауында 3 команда өнер көрсетті. «№ 1 арнайы мектеп-интернат» КММ-нің «Байтерек» тобы, «№2 арнайы мектеп» КММ-нің «Золотые звезды» тобы, «№3 арнайы мектеп» КММ-нің тобы «Көңілді жаз».  Үш топ та  жеңімпаз атанып жүлделі орындарға ие болды.

Іс-шара соңында ұйымдастырушылар фестиваль-байқаудың жоғары дәрежеде  өтуіне ат салысқан келесі демеушілерді Білім басқармасы басшысының атынан алғыс хатпен марапаттады: «SchoolBus» ЖШС, «Дар» қайырымдылық қоғамдық қоры,  «Bigbubble» компаниясы, «Кемер» мейрамханасы, сонымен қатар М. Өтемісов атындағы оқушылар сарайының оқушыларына қойылған концерттік бағдарлама үшін алғыс білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған