«Аударма ісі» мамандығының оқытушылары мен студенттері арасында дәстүрлі қалалық конкурс өткізілді

     2023 жылғы 17 мамырда Әл-Фараби атындағы «Оқушылар сарайы» Атом энергиясы жөніндегі ақпараттық орталығының базасында Астана қаласы колледждерінің «Аударма ісі» мамандығының оқытушылары мен студенттері арасында дәстүрлі қалалық конкурс өткізілді.

          Конкурсты өткізудің мақсаты: «Аударма ісі» мамандығының оқытушылары мен студенттерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту және студенттердің аудиториядан тыс және бос уақыттағы қызметінде тілдің қолданылуын кеңейту.

         Байқау арнайы пәндер оқытушыларына арналған «LinguaPro» және студенттерге арналған «The way to language» зияткерлік ойыны бағыттары бойынша өткізілді.

          Конкурстық жұмыстарды тәуелсіз сарапшылар Давлетбаева Р.К., Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері; Байтурина У.Ж., доцент, Еуразиялық гуманитарлық институттың Шет тілдері кафедрасы меңгерушісінің орынбасары;            Надим К.А., «Eager Beaver» оқу орталығының директоры; Алиев С.А. Қазақстан ИТАЭ филиалының директоры, информатика магистрі; Задорожная Л.А., филология кафедрасының оқытушысы, М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалының тәрбие жұмысы секторының меңгерушісі тарапынан бағаланды:

          «Аударма ісі» мамандығының арнайы пәндер оқытушыларына арналған «LinguaPro» бейнесабақтар байқауы келесі өлшем шарттар бойынша бағаланды: инновация, мазмұны, сабақ құрылымының мақсатқа сәйкестігі, педагогтің тілдік дағдыларды дамыту қабілеті және т. б.

          Студенттерге арналған «The way to language» зияткерлік ойыны 6 турдан тұрды: ағылшын тілін білу, салыстырмалы көркем аударма, логикалық тапсырмаларды шешу және т. б.

       «LinguaPro» педагог бейнесабақтарының конкурстық материалдарын сараптау нәтижелері бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

I дәрежелі Диплом – Дәуренқызы А., Басқару колледжінің оқытушысы;

II дәрежелі Диплом – Әмірова Л.Б., Еуразия Гуманитарлық Институтының Жоғары колледжінің оқытушысы;

III дәрежелі Диплом – Қаскенов А.С., Қазақстан Швейцария – Америка колледжінің оқытушысы;

III дәрежелі Диплом – Қайржанова Е.Р., Еуразия Гуманитарлық Институтының Жоғары колледжінің оқытушысы.

     «The way to language» зияткерлік ойынына «Аударма ісі» мамандығы бойынша кадрлар даярлайтын колледж студенттерінің 5 командасы қатысты.

     Іс-шара соңында байқау бағыты – қатысқан студенттерді марапаттау рәсімі өтті.

I дәрежелі Диплом – Еуразия гуманитарлық институтының Жоғары колледжінің «Only forward» командасы, жетекшілері Қайржанова Е.Р., Амирова Л.Б.;

II дәрежелі Диплом – Қазақстандық Швейцария-Америка колледжінің «Starlight» командасы, жетекшісі Қаскенов А.С.;

III дәрежелі Диплом – Қазақстандық Халықаралық Лингвистикалық колледждің «Хирон» командасы, жетекшісі Тунгатарова А.Е.

      Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

      Педагогтер мен студенттер колледждердің ұйымдастырушылары мен әлеуметтік серіктестеріне қызықты және шығармашылық форматта құрастырылған конкурстық тапсырмалардағы креативтілігі үшін алғыстарын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған