« Мен – қызықтымын » мұғалімдерге арналған жеке өсу тренингі

2023 жылдың 17 мамырында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскерлері «Сервис және туризм колледжі» педагогтері үшін «Мен қызықпын» тақырыбында тұлғалық өсу тренингісін өткізді. Тренингке 21 педагог қатысты.

         Психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскері К. М. Хамзина тренинг барысында өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту көзқарастарын қалыптастыру және дамыту, жағымсыз тәжірибелерді азайту және оларды жағымды эмоционалды күйлерге айналдыру мақсатында әртүрлі жаттығуларды қолданды.Толыққанды өзін-өзі көрсетуге кедергі келтіретін психологиялық қайшылықтарды еңсерудің практикалық дағдыларын көрсетті.

         Жағымды және жағымсыз қасиеттерді зерттеу жаттығуларын жасай отырып, өз бетімен жұмыс істеуге, өзін түсінуге және басқаларға сенуге дайындықты дамыту үшін жаттықтырушы топ мүшелерімен өзін – өзі диагностикалау және өзін-өзі ашу әдістерін қолданды.

         Қатысушылар өз – өзіне сараптама жасау арқылы  өзін өзі танудың  практикалық дағдыларын үйренуге мүмкіндік алды.

         Тренинг соңында педагогтерге басқа адамдардың эмоционалдық жағдайларын (эмпатия) бағалау,түсіну және коммуникативтік дағдыларды игеру бойынша практикалық ұсыныстар берілді.

        Қатысушылар іс-шараның әдістемелік маңыздылығын атап өтіп, одан әрі әдістемелік қолдауға өз тілектерін білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған