2023 жылғы 18 мамыр күні Астана қаласы Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейінде «Көркем еңбек» пәнін оқытуда гендерлік ерекшелігіне қарай топтастыруды болдырмау» атты эксперименталды алаңы жұмысын қорытындылау және жабу мақсатында қалалық семинар өтті.
Семинарға 30-дан аса директордың бейіндік оқу жөніндегі орынбасарлары мен педагогтер қатысты.
Семинар жұмысы келесі бөлімдерді қамтыды:
- Эксперименттік алаң жұмысына шолу:
Жоба авторлары идеяның шығу тарихымен, бағдарламаның құрылымымен таныстыра келе, іске асыру кезінде кездескен кедергілермен, қазіргі таңдағы жетістіктермен бөлісті. - Fablab аймақтарындағы жұмыс жүйесі:
ART аймақ, TECH аймақ, Дизайн және модельдеу, STEM, Шаңырақ атты алты аймақтағы жұмыс барысы таныстырылып, эксперименттің үш жылдық нәтижесі ұсынылды. - Эксперимент оқушы көзімен:
2020-2023 жылдар аралығында алынған кіріс, аралық және шығыс сауалнамаларының нәтижелері таныстырылды.
Кері байланыс кезінде қатысушылар семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, өз тілектері мен ұсыныстарын білдірді.