«Ерекше білім беруді қажет ететін мектеп оқушыларын психологиялық-педагогикалық қолдау» тақырыбында қалалық семинар – практикум өтті

2023 жылғы 17 мамыр күні Астана қаласы  әкімдігінің №13 орта мектебінде жалпы білім беру ұйымдарының ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасайтын педагогтерге арналған «Ерекше білім беруді қажет ететін мектеп оқушыларын психологиялық-педагогикалық қолдау» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Семинар  барысында  психикалық дамуы тежелген оқушыларға арналған сынып  мұғалімі оқушылармен сыныптан тыс жұмыстарын көрсетсе, қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, бастауыш сынып, музыка, математика, көркем шығарма, география және дене шынықтыру мұғалімдері кіріктірілген сабақ түрлерін көрсетті. Сонымен қатар мектептің педагог-дефектологы мен логопед мамандары балалармен жеке жұмыс түрлерін көрсете отырып, іс-тәжірбиелерімен бөлісті жүргізді.

Семинар соңында қатысушылар  ұйымдастырылған  мерекелік іс-шараға қатысып, оқушылардың өнерін тамашалады.     

Семинарға қатысқан педагогтер өткізілген ашық сабақтар мен көрсетілген жұмыстар  бойынша  оң пікірлерін білдіріп,  фотосуреттермен әзірленген  стендке  өз тілектерін жазып қалдырды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған