«Бәрі отбасынан басталады» жас психологтарға арналған семинар-тренинг

         2023 жылдың 15 мамырында «Әдістемелік орталық» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімінің қолдауымен «Менеджмент, бизнес және білім колледжі» базасында ТжКБ мамандары үшін «Жас психолог мектебі» аясында «Бәрі отбасынан басталады» тақырыбында Халықаралық Отбасы күніне орай қалалық семинар-тренинг өтті. Семинардың мақсаты: Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде педагогтер мен отбасының өзара іс-қимылының маңыздылығын өзектендіру. Семинарға 12 педагог-психолог қатысты.

        Семинардың басында модератор ретінде Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскері К. М. Хамзина сөз сөйледі. Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары

 Р. А. Бектұрсынова қатысушыларды Халықаралық Отбасы күнімен құттықтап, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде отбасы мен колледждің өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті.

         Колледждің педагог-психологы Ж. А. Асылбекова өз сөзінде баланың жеке басының дамуындағы бала-ата-ана қарым-қатынасының ерекшеліктері, баламен қарым-қатынас стилі, ата-ана көшбасшылығының маңыздылығы, отбасылық тәрбиенің тұрақтылығы мен дәйектілігі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Арнайы пәндер оқытушысы А. М. Файзулина «Біз бір-бірімізді қалай сезінеміз» атты тренингтік жаттығу өткізді.

         Іс-шара соңында семинарға қатысушылар кері байланыста өзекті мәселе бойынша өз пікірлерін білдірді.Көрсетілген техникалардың психологтың күнделікті жұмысына қажеттілігін ескеріп, алғыстарын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған