Мектеп жасына дейінгі балалардың құзыреттіліктік дамуында әлеуметтік ойын технологиясын қолдану

2023 жылғы 16-17 мамыр күндері №21 «Гүлдер», №26 «Үміт», №33 «Алтын дән» балабақшаларындағы «Мектеп жасына дейінгі балалардың құзыреттіліктік дамуында әлеуметтік ойын технологиясын қолдану» (көңіл-күй технологиясы) бойынша эксперименттік алаңы жұмысын жабу мақсатында қалалық семинар өтті. Семинар онлайн және офлайн форматтарында өтті.
Семинарға 20-дан астам мемлекеттік және жекеменшік балабақшалардың әдіскерлері, тәрбиешілері, М. Жумабаев атындағы халықаралық колледж педагогтері қатысты.
Семинар барысында №21 «Гүлдер», №26 «Үміт», №33 «Алтын дән» балабақшалары эксперименттік алаң жұмысының кезеңдері мен ұйымдастырылған іс-әрекеттер, әдістемелік театр, педагогтермен практикалық ойын әдістері көрсетілді.
Әлеуметтік-ойын технологиясы аясында педагогтермен және ата-аналармен жұмыс барысында қолданылатын практикалық тәсілдер көрсетілімі өтті.
Семинар соңында қатысушылар өз ойларымен, алған әсерлерімен бөлісіп, кері байланыстарын берді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған