«Lesson study-ұстаздар шеберханасы» тақырыбында семинар өтті

2023 жылғы 15 мамыр күні Астана  қаласы әкімдігі әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  Астана қаласы әкімдігінің №70 мектеп-лицейінде көркем еңбек және графикалық жобалау пәндерінің ұстаздарына арналған «Lesson study-ұстаздар шеберханасы» тақырыбында семинар өтті. 

Семинардың  мақсаты – көркем еңбек пәндерін  оқытуда бүгінгі заманның  талабына сай мұғалімдердің шығармашылық ізденісін жетілдіру, тәжірибе алмасу, «Lesson Study» тәсілінің тиімділігімен бөлісу;

   Семинар барысында интеграциялауға бағытталған тренингтер және білім алушылардың зерттеу  жұмыстарынан жинақталған көрме көрсетілді.    Іс-шараға Астана қаласы Әдістемелік орталығының әдіскерлері, Назарбаев Зияткерлік Мектебінің Халықаралық Бакалавриат бағдарламасы бойынша координаторы,  елордалық көркем еңбек және графикалық жобалау пәндерінің ұстаздары қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған