«ОҚЫТУ ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ» ШЕБЕР-СЫНЫБЫ

12 мамыр күні «Шеберден тәлім» жобасы аясында №5 гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Қылышбаева Күлзипа Әуезқызы өз іс-тәжірибесімен бөлісті.

Алғаш рет ұйымдастырылып отырған жобада Білім беру ісінің құрметті қызметкері, «Үздік педагог-2016» байқауының жеңімпазы Күлзипа Әуесқызы барлық республиканың мұғалімдеріне арнап «Оқыту әрекеттерінің әдістемелік жүйесі» тақырыбында мастер-класс өткізді.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің педагог-сарапшы, педагог-шебер мұғалімдер мастер-классқа қатысып, шеберден тәлім алып қайтты.  Астана қаласының педагогтері оффлайн форматта мектепке келіп қатысса,  республиканың мұғалімдері үшін сабақ онлайн трансляция болды(https://youtube.com/@adistemeastana) арқылы көрсетіледі.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған