lesson study-ді мектепте өткізудің сәттілік критерийлері

        Ағымдағы жылдың 12-ші мамыр күні «lesson study-ді мектепте өткізудің сәттілік критерийлері»  аясында жетекші мектеп №32 мектеп-гимназиясы, №42 орта мектеп, №43 қосымша білім беру мектебі орталығы серіктес мектептер арасында жетекші мектеп базасында кластер жұмысының қорытындысы бойынша «Lesson study өткізудің табыстылық критерийлері»  тақырыбында қалалық семинары өткізілді. Семинар барысында мектеп директоры Байтас Гүлшат Берікбайқызы алғысөз айтып, сәттілік тіледі. Астана қаласы Педагогикалық шеберлік орталығы аға менеджері Журунтаева Сәуле Байкешқызы сөз кезегін алып, серіктес мектептер арасындағы жұмыс нәтижелігіне сәттілік тілеп, алдағы уақытта жоспарланып отырған семинар, тренинг, шебер сыныптарға, т. б. тәжірибе алмасу алаңдарына белсене қатысуға шақырды. Жетекші мектептің үйлестірушісі ретінде Сармантаева Арайлым Серікқызы ағымдағы жылы кластердің атқарылған жұмыс туралы есебімен бөлісті. Сөз кезегін №32 мектеп-гимназиясының педагог-зерттеушісі, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шериязданова Ляззат Ғазизжанқызы өз тәжірибесімен бөлісті.  Семинар барысы серіктес мектептердің қатысуымен жалғасын тапты. №42 орта мектептің педагог-зерттеушісі, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бекбаева Айгүл Батырболатқызы «Lesson study-сабақты зерттеу»  тақырыбында тәжірибесін ортаға салды. Әрі қарай, №43 қосымша білім беру мектебі орталығы география пәні мұғалімі Әубәкірова Алия Оңдасынқызы «lesson study  әдісі негізінде өзін-өзі бағалау процесіне «Бес минуттық эссе» статегиясын енгізу тақырыбы бойынша тәжірибесімен бөлісті.

       Семинар барысында әсем ән мен керемет бимен жалғасын тапты. Мектебімізді жұлдысы, Небышинец Данил – «Дударай»  әнін орындап, тыңдаушыларды таңдандырса, Привалова Светлана Рудольфовна жетекшілігіндегі «Остров Dance» би ансамбілі бишілері әдемі би ұсынды. Әрі қарай, семинарымыздың практикалық бөлімі жалғасын тапты. Түс схемасы бойынша сабақтарға қатысты. Сабақтар №32 мектеп-гимназиясы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеушісі Бақатаева Жанна Бақытбекқызы,№32 мектеп-гимназиясы ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог-эксперт Рахметова Дана Имангалиевна, №32 мектеп-гимназиясы орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-эксперті Суйндикова Алтынай Азимбаевна сабақтар өткізіп, тәжірибелерімен бөлісті. Сабақтардан кейін,  біздің педагогтар рефлексияға арналған коучинг, шебер сыныптар өткізді. №32 қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеушісі коучинг Абдраханова Қызғалдақ Нұрғазықызы, №32 мектептің педагог-зерттеушісі Ибраимова Гульмира Сейтжановна шебер-сынып өткізген тренерлеріміз нәтижелі жұмыс жасап, тәжірибе алмасты.

       Семинардың кері байланысы QR коды  арқылы жасалды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған