Психологиялық қызметтің QR-коды

2023 жылдың 12 мамыр күні № 85 мектеп-лицей базасында Астана қаласы әкімдігінің Білім басқармасы, «Әдістемелік орталық» МКҚК өкілдерімен, мектептер мен колледждердің педагог-психологтары үшін психологиялық қызметтің QR-кодтарын құруда жаңашылдық енгізу мәселесі бойынша кездесуі өтті, 138 психолог қатысты.

Бұл QR-кодтар арқылы мекеме басшысына, педагог-психологтерге, құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі менеджерге, әлеуметтік педагогке, сондай-ақ мектеп әкімшілігіне психологиялық қолдау және басқа да мәселелер бойынша оқушылар және олардың ата-аналарының тікелей жүгінуге мүмкіндік болады. Педагогтерге білім беру ұйымдарының қолжетімді орындарында, сондай-ақ бейнебақылаудан көрінбейтін аймақтарда QR-кодтарды орналастыру, құрылымы және жұмыстың ресімделуі бойынша ұсыныстар берілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған