Домбыра – баға жетпес жәдігер, қазақ халқының тұмары

Домбыра – баға жетпес жәдігер, қазақ халқының тұмары. Домбыраны үйрету, аспапты білу ұлттық қазақ өнерінің тарихына деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін дамытады, сол себепті мектептерде жүргізіліп жатқан домбыра сабақтары пайдалы ғана емес, сондай-ақ қажеттілік болып табылады. Осы мақсатта 2020 жылдан бастап 40-тан астам елордалық мектепте «Алтын ұрпақ» жобасы енгізілді, ал 2022-2023 оқу жылынан бастап «Алтын домбыра» жобасы іске асырылуда.

2023 жылғы 12 мамыр күні «Алтын ұрпақ» жобасы аясында өткен «Ата-мұра» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Байқау білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау, музыкалық-эстетикалық тәрбие беру, олардың орындаушылық шеберлігін арттыру, қазіргі қоғамда музыкалық өнерді насихаттауға бағытталған. Байқауға жалпы білім беретін мектептердің домбырада жеке орындаушылары мен ұжымдары қатысты. Байқауға барлығы 67 жұмыс ұсынылды. 28 астам жас домбырашы Бас жүлде, І,ІІ,ІІІ орын иегерлері атанды.

Іс-шараға ардагер-ұстаздар, музыка пәні мұғалімдері, білім алушылар, сондай-ақ ата-аналар қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған