Жас мамандарға арналған оқыту семинары

2023 жылдың 11 мамыр айында  «№5 «Ақбота» балабақшасында  мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жас мамандарына арналған «Дені саудың-жаны сау» атты қалалық  оқыту семинары өткізілді. 

Семинарға Елорданың 24 балабақшасының жас мамандары, Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі өкілі  Рамазанова Қарлығаш Әсетқызы, Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясының бас хатшысы филология ғылымының кандидаты Шотаев Мақсат Есенбекұлы қатысты.      Семинар  балабақшаның жас мамандары ұйымдастырған «Сиқырлы шеңбер» атты тренингтен басталып, балаларды адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелейтін, балабақша бүлдіршіндері көрсеткен «Құмырсқа мен шегіртке» мюзиклімен жалғасын тапты.

Мақсат Есенбекұлы «Бестемше ойынының бала тәрбиесіндегі орны» атты баяндамасын оқып, Бестемше ойыны, оның ережесі жайлы кеңінен айтып берді. 

№ 5 «Ақбота» балабақшасының меңгерушісі Жолбарысова Мөлдір Айткалиқызы авторлық ойыны «Алаңдағы бестемше» туралы айтып, балабақшаның іс-тәжірибесімен бөлісті. 

Семинар барысында «Бестемше», «Алаңдағы бестемше» деп аталатын ұлттық ойынды ойнатудың әдістемесі көрсетілді, шебер сыныптар өткізілді. Семинардың соңында  жас мамандар арасында Бестемше ойынынан сайыс өткізіліп, жүлдегерлер Дипломдармен, Алғыс хаттармен марапатталды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған