«INTELLIGENT» сыныбында еуропалық білім беру жүйесінің стандарттарын зерделеу және енгізу»

2023 жылғы 11 мамырда «INTELLIGENT» сыныбында еуропалық білім беру жүйесінің стандарттарын зерделеу және енгізу» тақырыбында эксперименттік алаңның қызметін аяқтау мақсатында Б. Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицейінде қалалық семинар өтті.

Семинар жұмысына 50-ден астам педагогтер, директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасарлары  және ата-аналар қатысты.

1-ші және 3-ші сыныптардың эксперименттік топтарының оқушылары шахмат, вокал, би, домбыра, этикет, 3 тілдегі театр, ұлттық тағлым және т. б. үйірмелерге қатысады.

Семинар барысында мектеп эксперименттік қызметтің 3 жылғы жұмысымен және оның кезеңдерімен таныстырды, сондай-ақ қатысушылар «Сөйлеуді дамыту» (зерттеу сабағы), «Шебер қаламдар» бағдарламасы аясында «Менің үйім» тақырыптары бойынша бастауыш сыныптағы сабақтарға қатысты.

Сондай-ақ, семинарға қатысушыларға білім алушылардың ғылыми жобалары мен қолөнерінің көрмесі ұсынылды.

Семинар аясында оқушылар «Ұлттық тағлым»  аясында өз шеберліктері мен дағдыларын көрсетті, онда  1-ші сыныптың 30 оқушысы күй ойнады, 1-ші және 3-ші сынып оқушылары шығармашылық концерт қойды.

 Семинар соңында, қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, кері байланыс берді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған