Оқушылардың білім сапасын арттыруда инновациялық зерттеулердің тиімділігі

05.05.23 күні №64 мектеп-лицейде серіктес №63 мл, №52 мг қатысуымен «Оқушылардың білім сапасын арттыруда инновациялық зерттеулердің тиімділігі» атты қалалық семинар өтті. Іс-шараға Астана қаласы «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері Ш.Х.Шакирова, Педагогикалық шеберлік тренерлері Ш.Е.Қалиханова, С.Е.Ұлтанбаева қатысып, семинарға қатысушыларға әдістемелік қолдау көрсетті.

Семинардың мақсаты: білім сапасын арттырудағы мұғалімдердің зерттеу тәжірибелерімен танысу, серіктестер қоғамдастығының мүшелерімен тәжірибе алмасу.

Семинардың алғашқы бөлімінде ашық сабақтар мен десант сабақтар беріп, өзара іс-тәжірибе алмасты. Әріптестер сабақтарға кері байланыс беріп, тиімді ұсыныстар мен пікірлер білдірді. Семинардың екінші бөлімі педагогикалық идеялар алаңына жалғасты. Әр мектептегі зерттеу топтары бойынша рефлексивті есептерінің тәжірибелік талдауы жасалып, постер түрінде қорғау жүргізілді.

Семинар соңында серіктес мектептердің табысты болашағы туралы ұсыныстар мен оң пікірлер айтылды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған