Білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар беру жұмысын жетілдіру

28 сәуірде Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұйымдастырған «Білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар беру жұмысын жетілдіру» педагог-кәсіптік бағдар берушілерге арналған І Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияның пленарлық бөлімінде білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдарлау жұмысын дамыту перспективалары, халықаралық тәжірибе туралы айтылды, спикерлер мектепте кәсіптік бағдарлау және университетке дайындық тәжірибесімен бөлісті және кәсіптік бағдарлау жұмысын сапалы ұйымдастыруды білім беру ұйымына қалай құруға болады.

Конференция 3 бағыттар және секциясы бойынша өткізілді:

– «Кәсіптік бағдар берушунің жұмысын жоспарлау жәнк кәсіптік бағдар берудің тиімділігін бағалау»;

– «Болашақ мамандықтары: мамандық таңдаудың психологиялық аспектілері»

– «Мектеп оқушыларын кәсіптік бағдарлау: қолжетімділік және инклюзивтілік»

Бірінші секциялық залда «Кәсіптік бағдар берушінің жұмысын жоспарлау және кәсіптік бағдар берудің тиімділігін бағалау» тақырыбында «Әдістемелік орталығы» МКҚК басшысының орынбасары  Шарипова Динара Госмановна сөз сөйледі.

Конференцияға Педагог-кәсіби бағдар берушілер мен педагог-психологтар офлайн форматта қатысты, сондай-ақ онлайн қатысуға мүмкіндік туды. Қатысушылар одан әрі жұмыс істеу үшін көптеген қажетті ақпарат алды,  конференцияны республикалық ауқымда жыл сайын өткізу туралы шешім қабылданды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған