Бастауыш мектеп мұғалімдері мен директор орынбасарларына арналған қалалық семинар

Астана қаласы Әдістемелік орталығы мен № 85 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 3 мамыр күні бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Белсенді оқыту технологиялары арқылы оқушылардың құзыреттілігін арттыру» атты қалалық семинар өтті.

Іс-шараның мақсаты – Бастауыш сыныпта белсенді оқыту технологияларын сабақта тиімді қолдану бойынша іс-тәжірибе алмасу.

Іс-шараның алғы сөзінде №85 мектеп-лицейінің директоры М.Казиева және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Тулеутаева қатысушыларды   мектеп өмірімен таныстырды.

 Әдістемелік орталықтың әдіскері Н.Әзімбай «Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс түрлері» тақырыбында сөз сөйледі.

Семинарға қатысушылар оқушылардың жасаған жобалары мен  кубик-рубик, интеллектум ойындарынан ұйымдастырылған көрмені тамашалады.

Семинардың практикалық бөлімінде бастауыш сынып мұғалімдері бірлескен орта құру мақсатында және оқушылардың сабақта оқу мақсаттарына жету үшін тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып бірқатар

сабақтар өткізді:

  1. «Тілдік бірлік» таңдау курсы: «Морфология. Негізгі түбір зат есімді сатылай кешенді талдау» 2 «Г» сыныбы. Қожахметова А.С.
  2. Математика. «Есептер шығару» 1 «Ғ» сыныбы. Ешмуратова Ж.Т.
  3. Русский язык. «Обращение» (TopIQ платформасын қолдану) 4 «З» сыныбы. Марголина Е.И.
  4. Көркем еңбек. «Такие разные птицы» («Орыс тілінде оқитын сыныптарда эстетикалық пәндерді қазақ тілінде жүргізу» эксперименталды алаң жұмысы. 2 «Е» сыныбы. Мадалиева З.Е.
  5. Орыс тілді сыныптарда Қазақ тілі. «Мереке құтты болсын» 3 «Ж» сыныбы. Рахимжанова А.К.
  6. «Тілдік бірлік» таңдау курсы: «Қайталау – білім анасы» сатылай кешенді талдау  4 «Б» сыныбы. Есмурзина А.Ж.
  7. «Тілдік бірлік» таңдау курсы: «Қайталау – білім анасы» сатылай кешенді талдау 4 «Г» сыныбы. Ахметова А.Х.
  8. Ағылшын тілі “Unit Revision”  (TopIQ платформасын қолдану) 4 «В» сыныбы. Базар А.
  9. Математика. «Закрепление. Решение составных задач» (БиС технологиясын қолдану) 3 «Е» сыныбы. Сербекова К.С.
  10. Математика. «Решение задач в 2-3 действия. Обобщение» (БиС технологиясын қолдану)  3 «И» сыныбы. Жансерикова А.А.

   Бастауыш сынып мұғалімі Г.С Дулыбаева  «Оқуға құштар мектеп»  оқушыға кітап оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері арқылы өз іс-тәжірбиесімен бөлісті. А.С. Мурсалимова Сатылай кешенді талдау технологиясы сабақта қолданудың тиімді әдіс-тәсілдерінен шебер сынып көрсетті. «Ойын технологиясы – оқушылардың математикалық біліктілігін дамытудың бір тәсілі» тақырыбында Тулеутаева А. Е., Аскарова М.Б. математика сабағында қолданылатын заман талабына сай түрлі әдіс-тәсілдермен бөлісті.         «Биоэнергетика и синергетика (БиС) технологиясы сабақта» тақырыбында Сагандыкова А.К. математикадан есептеудің тиімді жолдары бойынша шебер сынып көрсетті.

      Семинарға қатысушылар шеберлік сыныптарынан өзіне керекті қызықты, тың  дүниелер алып, ризашылықтарын танытты.

       Сонымен осы семинарға Оразахынова Нұрша Алжанбайқызы – «Сатылай кешенді талдау» технологиясының авторы. Мәуіт Ырысбек- «@zerdeli.kz» негізін қалаушы, Вассерман Федор Яковлевич – БиС технологиясының авторы, Кудайберген Гульнур Сериковна- «Алматыкітап» Баспасының вице-президенті қатысып диалогтік алаңда  ой бөлісті.

Іс-шараның маңызды кезеңі рефлексия. Кері байланыста мектеп психологы Дауенова Мерей келген қонақтарға тренинг өткізді.

Семинарға білім беру ұйымдарының директордың орынбасарлары мен  жас мамандар қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған