«Абай бүлдіршіндер жүрегінде» тақырыбындағы қалалық практикалық семинар

28 сәуір күні  «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері Ж. Маманова, «Абай Құнанбаев атындағы №87 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК ұйымдастыруымен  «Мұхтар Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК «Бала Абай» бағдарламасының бастауыш сыныпта  енгізудегі  тәжірибемен бөлісу мақсатында Бастауышта Абайды оқыту тәжірибесінен «Абай бүлдіршіндер жүрегінде» тақырыбындағы қалалық практикалық семинар өтті.

Семинарға Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, абайтанушы Алмахан Мұхаметқалиқызы Ғабдуллина қонақта болды және №№4, 58, 77, 87 мектептердің мұғалімдері қатысты.

«Мұғалімі қандай болса, мектебі де сондай болмақ» деп ғасыр басында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей мектептің жүрегі саналатын мұғалімдердің біліктілігін, тәжірибесін арттыру өте маңызды. Тәжірибелі мұғалім мектепті алға сүйреп, оқушының білімді болуына септігін тигізеді.

 Ашық сабақтар жоғары деңгейде әрі әсерлі өтті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған