«МӘТІН НЕГІЗІНДЕ ЭССЕ ЖАЗУ» ЖАС МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ

Сәуір айының 27-сі күні Шәкәрім атындағы №56 мектеп-лицейінде «Мәтін негізінде эссе жазу» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні жас мамандарына арналған қалалық іс-шара өтті.

Мақсаты: жас мамандардың теория мен практиканы ұштастырып, эссе жазуына әдістемелік қолдау көрсету. Мәтін тақырыбын, идеясын, құрылымын, тілдік ерекшелігін талдай білу жолдарын қарастыру.

Ұйымдастырушы: «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері

Ж. Маманова, жас мамандар жетекшісі №56 мектеп-лицейінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г. Хамзина.

Семинарда  қаламыздың тәжірибелі ұстаздары: «Эссе жазудағы тиімді әдіс-тәсілдер мен лайфхактар» тақырыбы бойынша 9-сыныптың мемлекеттік емтиханында жазылатын  мәтін негізінде  эссе жаздырудың түрлі тиімді әдіс-тәсілдерімен Кемел Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясының  қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Нурышова Фарида Сулейменовна, Ыбырай Алтынсарин  BINOM SCHOOL  мектеп-лицейінің  қазақ тілі және қазақ  әдебиеті пәні мұғалімі Әбдірасұл Жұмагүл Тастемірқызы «Интербелсенді әдістер арқылы эссе жазу» тақырыбы бойынша, Б. Майлин атындағы №52 мектеп-гимназиясының қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Калиева Акжанай Еркинбаевна «Оқылым стратегияларын тиімді қолдану», Шәкәрім атындағы №56 мектеп-лицейінің қазақ тілі және  әдебиеті пәні мұғалімі Хамзина Гульшат Сабыржановна «Эссе тақырыбын талдату мақсатында ықшам мәтін жазу» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерін ұсынды. Тәжірибелі ұстаздардың  ұсынған теориялық түсіндіруінен кейін  жас мамандардың теория мен тәжірибені  қалай ұштастыра алатынын  бақылау мақсатында жазылым дағдысы бойынша  «Мамандық таңдаудың маңызы қандай?» деген тақырып беріліп, эссе жазды. Жас мамандар бес топқа бөлініп, топта бірлесе отырып,  эссені бар ынта-жігерімен, қызығушылығымен «Эссе құрылымы» бойынша жазып шықты.  Жазып болғаннан кейін әр топтан бір-бір спикер шығып өз эсселерін оқып қорғады, басқа топтар жазылған эссеге кері байланыс жасап отырды.

 Семинарға 38 жас маман қатысып, өткізілген семинардың өтілуіне байланысты кері байланыстарын бере отырып, ризашылықтарын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған