«Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» атты интеллектуалдық байқау өтті

«А-дан Я-ға дейін дұрыс тамақтану» және «Салауатты тамақтану мектебі» жобалары бойынша қала көлемінде тәжірибе алмасу мақсатында 2023 жылдың 28 сәуір күні №63 мектеп-гимназия қабырғасында «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» атты интеллектуалдық байқау өтті.

Зияткерлік байқауға Астана қаласының №29,57,58,63,64 мектептерінің бастауыш сынып педагогтері мен білім алушылары қатысты.

Байқау 3 кезеңнен тұрды: таныстыру, блиц турнир, сахналық қойылым, онда 4-сынып білім алушылары салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтану тақырыптары бойынша өз білімдерін көрсетті.

Байқау қорытындысы:

1 дәрежелі Диплом-№63 мектеп-гимназия, «Шымыр» командасы, жетекшілері Серік Назерке, Баймуканова Гүлбаршын

2 дәрежелі Диплом – №57 орта мектеп, «Дәумендер» командасы, жетекшісі Таңат Мадина

3 дәрежелі Диплом- №29 орта мектеп, «Насихатшы» командасы, жетекшісі Досболова Гүлмира

Конкурстың қатысушыларына қатысу сертификаттары табысталды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған