Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған іс-шаралар

2023 жылғы 27 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК  жоспарына сәйкес «Ұстаздар аллеясы» саябағында офлайн форматта Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Іс-шараға 350-ден астам педагогтер, ата-аналар, балалар мен Астана қаласының тұрғындары қатысты.

Іс-шараға қатысушылар үшін «Монтессори for EVERYONE»шеберлік сыныбы және ойын алаңы,«Оқуға құштар мектеп» кітаптар мен, «Өнерлі қол — бақытқа жол» шығармашылық және сәндік қолданбалы өнер көрмелеріұйымдастырылды. Сондай-ақ, «Мен оқыған кітап…!»,READх жобасы аясында ашық алаң өткізілді, онда спикерлер сөз сөйледі, «Құндылыққа негізделген білім беру» жобасы аясында Qtalks «Бірлігіміз жарасқан» лекциялық алаңы келесі спикерлердің қатысуымен өткізілді:

1. Таймбетова Арайлым Кәрімжанқызы, № 37 мектеп-лицейінің физика пәні мұғалімі, «ғылым мен құндылықты ұштастыру»

2. Закир Гүлсезім, №63 мектеп-гимназиясының 10 сынып мұғалімі, Толу Әбдікұлы «он қол»

3. Лампига Андрей, № 63 мектеп-гимназиясының 11 сынып мұғалімі, А. Дюма «Үш мушкетер».

4.Алхабек Акерке, оқушысы 9 сынып №85 мектеп-лицейі Рэй Брэдбери, «Фаргейт бойынша 451 градус».

5. Бағдал Майгүл, № 8 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі, «Аюттымақ-бұзылмайтын қорған, іргелес орман»

6. Есенкельдиев Нұрбек Ерікұлы, № 59 мектеп-лицейінің география пәнінің мұғалімі, «зейін» «мұғалім – сынып жетекшілігі»оқырман клубының жетекшісі

7. Мұхаметрахм Жансая, № 8 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі, «құндылықтар мекені-ынтымақпен бірлікте»

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған