«АБАЙ КІШІ АКАДЕМИЯСЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «АБАЙ ДАНА» ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері Ж.С. Маманованың қолдауымен өткен және «Фариза Оңғарсынова атындағы №77 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК-ның ұйымдастыруымен 2023 жылдың 26 сәуір  күні «Абай дана» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Іс-шараның барысында мектеп оқушыларынан құрылған «Жас өркен» оркестр қазақ халқының күйлерін орындап, қонақтарды қарсы алды.

Мектеп директоры Н.М. Искаков және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.З.  Ермухамбетова қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.

          Іс-шараның мақсаты – оқушылардың ұлы ақынның шығармаларын әр қырынан танып, білуге баулу, бастауыш сынып оқушыларына абайтану пәнін беру тәжірибелерімен бөлісу.

Қала мектептерінен келген мұғалімдер ашық сабақтарға, тренингтерге және қойылымға қатысты. «Абай – дана, Абай – дара» тақырыбында өткен А.Б. Мукажанованың ашық сабағы 1 «Г» сыныбында;    «Абай шығармашылығы» тақырыбынада     Д.С. Кабышеваның ашық сабағы 1 В сыныбында өтті.  Сабақтарда Жидебайдағы Абай музейіне саусақпен басқара отырып саяхат жасап, ақынның шығармашылық жұмыстары арқылы жан-жақты танытып, ой-өрістерін, шығармашылық ізденісін дамытты.

       Мәжіліс залында 1-сыныптар арасында  «Абай- дана» тақырыбында

Т.Р. Сахариева мен Д.К. Рамазанованың ұйымдастыруымен  әдеби-қойылым көрсетілді.  «Барлас ақын  мен Байкөкше Абай ауылында» сахналық көрініс қойылымы   ұйымдастырылды. Абай Құнанабаевтың шығармашылығы бойынша балалар өнер көрсетіп, ақынның жыл мезгілдеріне шығарылған «Жазғытұры», «Жаз», «Күз», «Қыс» өлеңдерін оқушылар мәнерлеп оқыды. Ақынның шығарған «Май түні» күйі орындалды. Аудармасы «Шегіртке мен Құмырсқа» сахналанып қойылды. Ақынның сазгерлігі туралы айтыла отырып, 1- сынып оқушылары «Желсіз түнде жарық-ай» әнін хормен орындап шықты. 

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған