ЖЕКЕМЕНШІК БАЛАБАҚШАДА ӘДІСТЕМЕЛІК КҮН ӨТТІ

Астана қаласы Әдістемелік орталығы 2023 жылдың 26 сәуір күні Мемлекеттік аттестациядан өтетін ЖШС «Болашақ-БА-2007» «Болашақ-1,2» балабақшасы, ЖШС «Көркем 2011» «Kids in tots» балабақшасы, ЖШС «Ағайдар 7», ЖШС «Аяла и Д» жекеменшік балабақшаларына әдістемелік көмек көрсету мақсатында әдістемелік күн өткізді.

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің әдіскерлерлері білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру және өткізу жөнінде кездесетін өзекті сұрақтар мен оларды шешу жолдарына әдістемелік ұсынымдар берді.

Мемлекеттік аттестаттаудан өтетін жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымына  әдістемелік көмек көрсету келесі сұрақтар бойынша қамтылды: білім беру ұйымдарының жалпы сипаттамасы, білім алушылардың контингенті, оқу-әдістемелік жұмысы, оқу-тәрбие жұмысы және педагогикалық жүктемесі, білім алушылардың білім сапасының бағалануы, сауалнама нәтижелерінің жүзеге асырылуы.

Іс-шараға жекеменшік мектепке дейінгі ұйымның меңгерушілері, әдіскерлері мен педагогтері қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған