Жаратылыстану пәндерін оқытуда интерактивті виртуалды, сандық зертханалық  жұмыстарды практикады қолдану

Астана қаласы Әдістемелік орталық  жоспарына сәйкес Астана қаласының физика, химия, биология пәндерінің жас мамандарына «Жаратылыстану пәндерін оқытуда интерактивті виртуалды, сандық зертханалық  жұмыстарды практикады қолдану» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинар 2 бөлімнен тұрды. Теориялық бөлімде жас мамандарға   №93 мектеп-лицейінің педагогтері Г.Оспанова, Р.Тлеубаева, Ө.Төкен, К.Нөкерова, Б. Ырыскелді шебер – сынып, коучинг  өткізді.  Ал практикалық бөлімде жас мамандар топқа бөлініп практикалық жұмыс жасады.

1-топ. Күш датчигі арқылы денелердің  өзара әсерлесуін және тұрақты күш әсерінен болатын қозғалысын сипаттау,

Тұрақты магниттегі магнит өрісін сандық лабораторияда тексеру;

2-топ Жуғыш заттар және жеміс-жидектердегі рН көрсеткішін өлшеу;

3-топ Тұқымның өнуі үдерісінде жасушалық тыныс алу кезіндегі көмірқышқыл газының бөлінуі.

Семинар соңында кері байланыс беріліп, мектепке экскурсия жасалды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған