«Инновациялық әдістер мен техникалар арқылы ЕБҚ бар балалардың оқуы мен жазуын түзету»

2023 жылдың 26 сәуір күні Әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен «Инновациялық әдістер мен техникалар арқылы ЕБҚ бар балалардың оқуы мен жазуын түзету» тақырыбында ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жасайтын бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар өтті.

Семинар барысында қазіргі таңда өзекті мәселелер бойынша тақырыптар ұсынылып, тәжірбиелік сабақтар көрсетілді. Арнайы мамандар «Акустикалық дисграфияны жаттығулар мен ойындар арқылы түзету»; «Оптикалық дисграфия»; «В.М. Акименко әдістемесі арқылы аграмматикалық дисграфияны түзету», «Жылдам оқу элементтерін пайдалана отырып, саналы оқу дағдысын дамыту» тақырыптарында сабақтар көрсетіп, озық іс-тәжірбиелерімен бөлісті.

Семинар – практикум «Алты қалпақ» әдісі арқылы қорытындыланып, қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, көптеген сұрақтарына жауап алды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған