«Елордалық білім» панельдік сессиясы

2023 жылдың 25 сәуірінде «Кәсіптік білім және бизнес: серіктестер диалогы» қалалық форумы аясында «Елордалық білім» панельдік сессиясы Мағжан Жұмабаев атындағы халықаралық колледжі базасында өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасындағы кәсіптік білім беруді жаңғырту шеңберінде ТжКББ жетекшілерінің көшбасшылық әлеуетін арттыру және жұмыс берушілермен әлеуметтік серіктестікті нығайту. Панельдік сессия жұмысына Астана қаласының Білім басқармасының, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдері, «Talap» КЕАҚ, ТжКБ әлеуметтік серіктестері, Астана қаласының Алматы аудандық сотының судясы, «ҚР психологтар қауымдастығының басшысы», Қазақстандағы мектепке дейінгі мекемелер қауымдастығының басшысы, «Басқару колледжі» ЖШС, Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледжі, «Қазақстан Швейцария Американдық Колледжі» ЖШС, «Қазақ технология және бизнес университетінің колледжі» АҚ, Еуразиялық гуманитарлық институты колледжі, «Лингва» шетел тілдері колледжі, «Қазақстан халықаралық Лингвистикалық колледжі» ЖШС, «Менеджмент және бизнес колледжі» ЖШС, «Қазтұтынуодағы жоғары сауда-экономикалық колледжі», «Астана-Профи» қала шаруашылығы колледжі» мекемесі, бизнес қауымдастықтардың жетекші мамандары және «№4 «Аружан» балабақшасы, №96 «Аяла» балабақшасы, №31 «Ақсұңқар» балабақшасы, «Smartactivkids +» меңгерушілері мен Астана қаласы әкімдігінің «№ 36 орта мектеп» КММ, Астана қаласы әкімдігінің «№25 орта мектеп» КММ, Астана қаласы әкімдігінің «№14 мектеп-гимназия» КММ, Астана қаласы әкімдігінің «№63 мектеп-гимназия» ШЖҚ ММК басшылары қатысты.

Панельдік сессия заманауи «Аквариум» форматында өтті. Тақырыптық алаң академиялық дербестікті ескере отырып, Елордалық білім беру жағдайында педагог кадрларды даярлаудағы заманауи трендтер, жұмыс берушілердің қажеттіліктері негізінде мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру, ТжКБ дуалды оқытуды дамыту, WorldSkills – кәсіби біліктілік сапасын арттыру жолдары мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, педагогикалық мамандықтар бойынша жұмыс берушілермен бірлесіп әзірленген бірегей жұмыс оқу бағдарламалары ұсынылды. «Мектепке дейінгі білім беру» мамандығының түлектерін жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша әлеуметтік серіктестермен диалог өтті. Неліктен олар мектепке дейінгі ұйымдарда жұмыс істегісі келмейді? «Жас маманның жалақысы төмен» деген  жауап алынды. Панельдік сессия барысында электронды оқу залы мен «Балалық шақтың сиқырлы әлемі» мектепке дейінгі тәрбие бойынша зертхана ашылды.

Іс-шараға қатысушылардың назарына мамандықтар бойынша көрме ұсынылды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған