Тамақтану және қызмет көрсету индустриясы, туризм және сұлулық

2023 ж. 26 сәуір күні Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде «Кәсіптік білім және бизнес: серіктестер диалогы» қалалық форумы аясында «Тамақтану және қызмет көрсету индустриясы, туризм және сұлулық» панельдік сессиясы өтті. Сессия жұмысына Білім басқармасының, «Атамекен» ҰКП-ның, Астана қ. әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, ТжКБ ұйымдарының, колледждердің әлеуметтік серіктестерінің өкілдері қатысты.

Панельдік сессия жұмысын модератор – Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық  тамақтандыру және сервис колледжі» МКҚК директоры Қылышбаева З. А. жүргізді.

Диалог алаңдарының ашылуының алғы сөзі алған Астана қаласы білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Хон А. Р.  қатысушыларды құттықтай келе, сессия жұмысына сәттілік тіледі.  

Панельдік дискуссияда  келесі тақырыптар бойынша баяндамалар тыңдалып,  талданды: «ТжКБ-де академиялық дербестікті ескеретін білім беру  бағдарламалары»  Сапарбекова Г. Ж., Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис                                              колледжі»  МКҚК директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары; «Техникалық       және кәсіптік білімберу ұйымдарында дуальды  оқытуды енгізу нәтижелері және оны дамыту жолдары»  Марченко А.А., «The Chef Group» компаниясының директоры, ресторатор, 15 гастрономиялық жобалардың жетекшісі; «Жұмыс          берушілерден            қажеттілікке  негізделген мемлекеттік, мақсатты тапсырысты қалыптастыру»  Нұрманова А. Д., Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» МКҚК қабылдау комиссиясының төрайымы; «Түлектерді жұмысқа орналастыру мамандарды даярлау сапасының басымдығы және көрсеткіші ретінде» Бережная Л. Ш., «Технологиялық колледжі» МКҚК             директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары; «Білім мен туризмді біріктірген «Тікелей сабақтар» жобасы»  Верницкая Т.С., қалалық туризм қауымдастығының атқарушы директоры; «Мамандарды дайындау сапасын арттыру құралы ретіндегі WS  қозғалысының ролі» Аженова Қ.С.,  «Карлығаш» ЖК кәсіпорын басшысы.

            Сессия барысында бизнес өкілдерімен, әлеуметтік серіктестермен білім беру ұйымдарының бірқатар мәселелері талқыланды.

Барлық қатысушылар білікті мамандарды оқытуды жетілдіру бойынша өз пікірлерін білдіріп,  ұсыныстарымен бөлісті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған