«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жазушы Төлен Әбдіктің шығармаларын оқытуда «Бала – әке көзімен» тақырыбында кездесу

«Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері  Жанар Сейтахметқызының ұйымдастыруымен сәуірдің 22 күні  Астана қаласы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  «Бір ел – бір кітап»  акциясы бойынша  жазушы Төлен Әбдіктің шығармаларын оқытуда «Бала – әке көзімен» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу мақсаты  оқушылардың жазушы өмірі мен шығармашылығын тануға деген қызығушылықтарын арттыру, жазушының рухани мұрасы жайлы терең зерттеуге ынталандыру және өзін-өзі тәрбиелеу мен жетілдіруге негізделген адамгершілік мәдениетті қалыптастыру.  Кездесуге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мәжілістегі «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Анас Ахатұлы Баққожаев, тарихшы, саясаттанушы Жандос Әуелбекқлы Каринбаев, саясаттанушы Мақсат Дөңесұлы Жақау, қоғам белсендісі, салауатты өмір салтын насихаттаушы Марғұлан Ермағамбетұлы қонақта болды. Жалпы орта білім беретін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері«Әдеби шығармаларды  оқытудың тиімді жолдары» , «Көркем әдебиеттегі кейіпкерлер бейнесі», «Әдеби шығармаларды оқып үйренудің әдіс-тәсілдері», «Тіл тағдыры – ұлт тағдыры» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөліссе, мектеп оқушылары Төлен Әбдіктің шығармалары бойынша талдау жасап, қорытындысында көтерілген мәселелер бойынша қазіргі қоғаммен байланыстыра отырып, өз өнімдерін, зерттеулерін ұсынды. Қонақтар балалардың әр талдауына баға бере отырып,  оқушыларға тағылымы мол кеңестерін айтты. Оқуға құштар жобасы бойынша көркем туындыларды оқыту шарасы болашақта да өз жалғасын табады деп ойлаймыз.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған