БАЛАБАҚШАДА СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ ӨТТІ

       Астана қаласының №59 «Аққанат» балабақшасы базасында 2023 жылғы 26 сәуір күні «Математика әлемі бағытында сатылай кешенді талдау технологиясын қолдану жолдары» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті. Математика әлемі бағытында сатылай кешенді талдау технологиясын көрсету, тәжірибе алмасу мақсатында шебер ұйымдастырылған іс-әрекеттер көрсетілді.

        Семинарда қазақ тілі маманы «Математика әлемі» іс-тәжірибесін ұйымдастырылған іс-әрекетінде геометриялық пішіндер, кеңістікті бағдарлау, уақытты бағдарлау бөлімі бойынша балалардың ой өрісін дамыту, айтылған сан бойынша заттарды санап шығу, сол жақты, оң жақты , жоғарыда, дегенді ажырата білу ұғымдарын кеңейту, сөзбен айта білуге үйретуді көрсетті.

       Семинар – практикум барысында сатылай талдау технологиясы бойынша мектепалды «Достар» және ересек «Құлыншақ» топтарының тәрбиеленушілері ұйымдастырылған іс-әрекеттерінде, ұрпаққа тәлім беруде білім сапасын жақсарту жолында, балабақша мен ата-ана жане тәрбиеленуші «Үштік одақ» болып ертегілер, келген қонақтармен шебер сыныптар көрсетілді.

          Ата-аналармен бірлесіп «Жалқау» атты ертегі отбасылық қойылымы көрінісін тапты. Балабақша психологі «Ізгілік нұры» тренинг барысында балалардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету, ұжыммен еңбек етуге тәрбиелеуді ұғындырды.

        Семинар «Ханталапай» ұлттық ойынымен қорытыланды. «Математика әлемі бағытында сатылай кешенді талдау технологиясын қолдану» семинары тәрбиеленушілердің бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру, әріптестермен тәжірибемен бөлісу болды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған