«Мағжан оқулары» І–ші ғылыми-тәжірибелік конференциясы

  Көрнекті жазушы, ақын, публицист, қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі атанған талантты ақын Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орай 2023 жылдың 24 сәуірінде Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ТжКББ бөлімі М.Жұмабаев атындағы халықаралық колледжімен бірлесіп, Астана қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының  жалпы білім беретін пән оқытушылары мен колледж студенттеріне арналған қалалық «Мағжан оқулары» І–ші ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.

Конференция мақсаты: Астана қаласы колледждерінің жалпы білім беретін пәндер бағыты бойынша дарынды, қабілетті және шығармашыл педагогтерді анықтау, білім алушылардың интелектуалдық пайым-парасатын арттыру.

Конференция педагогтерге арналған «Ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбындағы педагогикалық брифинг түрінде және студенттерге арналған «Мағжан оқулары» ғылыми-шығармашылық жобалар  мен мәнерлеп оқу байқауы ретінде ұйымдастырылды.

Конференцияға Астана қаласының 21 колледжінен 100-ден аса адам қатысты. 

Конференция нәтижелері туралы ақпарат  https://astana-modern.edu.kz/ru/ сайтында жарияланды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған