«Қ.БІТІБАЕВА ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ӨМІРШЕҢДІГІ» АТТЫ ҚАЛАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

2023 жылдың 21 сәуір күні №64 мектеп-лицейінде   «Қ.Бітібаева әдістемесінің өміршеңдігі» атты қалалық дөңгелек үстел өтті.  Іс-шараны Астана қаласы  «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері  Ж. Маманова, №64, №72 мектеп-лицейіндегі  ғылыми-әдістемелік зертхана мұғалімдері  ұйымдастырды. Дәуірдің дара ұстазы, Қазақтың Қанипасы атанған ардақты ұстаз Бітібаева Қанипа Омарғалиқызына арналған дөңгелек үстел мақсаты: қазақ әдебиетін оқытуда ұстаз технологиясын жаңа білім мазмұнымен ұштастыра қолданып жүрген педагогтердің іс-тәжірибесін тарату,  ұстаздың әдебиетті  оқытудағы ерен еңбектерін насихаттау болды.  Іс-шараға қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті  пәні  мұғалімдері  және ЕҰУ  педагогика  ғылымының  докторы, профессор  Шынар Қапантайқызы Құрманбаева Шынар Қапантайқызы Құрманбаева , журналист және PR маманы, ментор  Задабек Айна  Задабекқызы сынды  ұстаздың шәкірттері қатысты.

Дөңгелек үстел  үш бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде  – шараның ашылуы мектебіміздегі Ұстаз атына берілген зертхана бөлімшесінде басталды. Екінші бөлімде – Қ. Бітібаеваның оқыту технологиясын негізге ала отырып, ұстаздар  тәжірибесінен баяндамалар ұсынылды. Семинардың үшінші бөлімде «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері Ж. Маманова  Бітібаева технологиясына негізделген шебер-сабақ өткізу, Бітібаеваның әдістемесімен жұмыс жасайтын шығармашылық топ құру  мәселелеріне тоқталды. Дөңгелек үстелге жиналған ұстаздар қауымы өзара пікір  бөлісіп, болашаққа бағыт-бағдар алып, жақсы көңіл күймен тарқасты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған