МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ МУЗЫКА ЖЕТЕКШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Педагогтер қауымдастығының 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының музыка жетекшілеріне арналған  «Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту құралы ретінде балалардың музыкалық аспаптарында ойнау» тақырыбында қалалық семинары өтті.

Семинар мектепке дейінгі білім беру мен тәрбие жұмысында музыка жетекшілеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында өтті.

Семинарда педагогтер өз қолдарымен жасаған аспаптарға шолу жасап, аспаптарды тәжірибеде қолдану түрін көрсетті.

«Мектеп жасына дейінгі балаларға әуе шарлар ансамблін ойнау арқылы, музыкалық импровизациялық қабілеттерін дамытып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау», «Музыкалық аспаптар арқылы баланың шығармашылық қабілетін арттыру», «Мектеп жасына дейінгі балалардың қабілеттерін дамыту құралы ретінде музыкалық аспаптарда ойнау», «Игра на детских музыкальных инструментах как средство развития сохранных анализаторов у незрячего ребенка», «Музыкальные инструменты в сказке» тақырыбында педагогтер өз жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Семинарға елордалық мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының музыка жетешілері қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған