«Асыл сөзді іздесең…» тақырыбында қалалық семинар

Астана қаласы әкімдігінің Білім басқармасының «2022-2023 оқу жылында Астана қаласы білім беру ұйымдарында эксперименттік алаң жұмысын ашу туралы» 03.09.2021 ж. №704 бұйрығына сай   «Бала Абай» эксперименттік алаң  №87, 58, 77, 86, 4-мектептерде ашылып, жыл бойы тәжірибе алмасы жұмыстары жүргізіліп келеді.

19 сәуір 2023 жылы №4 Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназия» ШҚЖ МКК «Асыл сөзді іздесең…» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарда А.М. Аубакирова, А.Т. Мурсалимова, А.К. Бердалина, С.Т. Байтанова ашық сабақтар берсе, А.К. Сейдахметова «Әжем айтқан ертегі» сыныптан тыс іс-шарасын өткізді. Мұғалімдер Абай шығармаларын оқушылардың жас ерекшелігіне сай оқытудағы тәжірибелерімен бөлісті. Бұл шараға «Бала Абай» бағдарламасының авторы А.М.Габдуллина,  қалалық әдістемелік орталығының әдіскері Ж.С. Маманова, аталған мектептердің мұғалімдері қатысты. Семинар соңында эксперименттік алаңға кірген, семинарға келген педагогтер жиналып, кері байланыс жасалып, өтілген іс-шара бойынша талқылау жұмыстары жүргізілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған