Тренинг-оқушыларды белсенді оқыту нысаны

    2023 жылдың 21 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімінің ұйымдастыруымен тәжірибе алмасу мақсатында білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына арналған «Тренинг-оқушыларды белсенді оқыту нысаны»тақырыбымен шеберлік сабағы өтті.

            Шеберлік сабақтың мақсаты – сенімді жағдай жасау, стресске төзімділікті арттыру және педагогикалық процеске қатысушылардың алаңдаушылығын азайту, жанжалды жағдайларды сындарлы шешу.

Шеберлік сабақта №31 мектеп-гимназиясының педагог-психологы – Астрелина И.В. «Тренинг-оқушыларды белсенді оқыту нысаны»тақырыбыментеориялық дәріс беріп, «Ертегі», «Стресстік жағдайлар», «Броундық қозғалыс», «Репортаж», «Ал, кәнекей амандасайық!» топтық және жеке жаттығуларды  жүргізді. №59 мектеп-лицейінің педагог-психологы Батталова Г.А.  «Жанжалдарды шешуді үйрену» тақырыбымен педагог-психологтарға ұжымда туындайтын мәселелердің  шешімін табу жолдарын терең де жан-жақты қамтыды. Сонымен қатар, педагогикалық мамандыққа қатысты «педагогикалық еңбек, қызметтегі қақтығыстар», инновациялық (жаңалықтар енуімен байланысты) қақтығыстарды өз алдына бөліп жеке қарастырды.

Семинар соңында педагог- психологтармен кері байланыста өзекті мәселедегі өздерінің ойларын ортаға салып, қажетті кеңестер алғандарына алғыстарын білдірді.

Семинарға Астана қаласы білім беру ұйымдарының 26 педагог-психологы қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған