Improving the functional literacy of students in English language classes

2023 жылғы 21 сәуір күні сағат 14.00-де Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ақпан айының жоспарына сәйкес №11 мектеп-лицейі базасында ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне арналған «Improving the functional literacy of students in English language classes» тақырыбында қалалық семинары өтті.

  • Семинардың мақсаты Ағылшын тілі сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыра отырып, пәнді терең түсіну қабілетін арттыру, сапалы білім беруді тиімді ұйымдастыру.

Семинарға 40 ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері қатысты.

Семинарда алғы сөзбен Әдістемелік орталықтың әдіскері Қалмағанбетова Балдырған Мамайқызы «The Formation of Functional literacy»тақырыбында сөз сөйледі. Семинар барысында Қ.Сәтпаев атындағы Binom School мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімдері Байсалова Гүлназ, Ботагөз Жолай, №33 «балабақша- бастауыш мектебінің» ағылшын тілі пәні мұғалімі Нұртазина Гүлмира, Ы.Алтынсарин атындағы Binom School мектеп-лицейінің мұғалімдері Адамова Бикен, Есенгелди Тилеугавыл, №11 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Боранбаева Құралай, №43 орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Данебаев Жанат, №73 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні Хисамбинова Лаура «Improving the functional literacy of students in English language classes» тақырыбында өз шеберліктерімен бөлісті..

Семинар барысында оқушылардың ағылшын тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыруда функционалдық сауаттылығын арттыру тиімділігі айқындалды. Кері байланыс кезінде семинар қонақтары тәжірибе алмасқан мұғалімдермен ашық,нақты кері байланысқа түсіп,семинарлардан алған әсерлерімен бөлісіп,өз тілектері мен ұсыныстарын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған