Жоғары сыныпта теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу әдістері

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК сәуір айының жоспарына сәйкес №84 мектеп- лицейі базасында математика пәні мұғалімдеріне арналған «Жоғары сыныпта теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу әдістері» тақырыбында қалалық семинары өтті.

  • Семинардың мақсаты Жоғары сыныпта теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу әдістерінің тиімділігі.

Семинарға 40 математика пәнінің мұғалімдері қатысты.

Семинарды алғы сөзбен Әдістемелік орталықтың әдіскері Нұртаева Қанымай Узбекбаевна бастап, ««Алгебра» пәні бойынша қорытынды аттестаттау спецификациясы» тақырыбында сөз сөйледі.

Семинар барысында №9 «Зерде» мамандандырылған мектебінің математика пәні мұғалімі Есенбеков Самат Талғатұлы «Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу барысындағы жіберілетін қателіктер» тақырыбында өз шеберлігімен бөлісті.

№93 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі Кенжалина Айжан Сейтказиновна «Комбинаторика есептері» тақырыбында комбинаторика элементтерін қолданып есептер шығарудың тиімділігін айқындады. Комбинаторика және оны ықтималдықта есептеуде қолдану тақырыбының теориялық негіздерін, яғни, қосу және көбейту ережелерін, қайталанбайтын және қайталамалы таңбалар үшін комбинаторика формулаларымен есептер шығарып,өз тәжірибесімен бөлісті.

Кері байланыс кезінде семинар қонақтары тәжірибе алмасқан мұғалімдермен ашық, нақты кері байланысқа түсіп, семинарлардан алған әсерлерімен бөлісіп, өз тілектері мен ұсыныстарын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған