Республикалық «Әдістемелер» байқауы өтті

2023 жылғы 21 сәуірде «Салауатты тамақтану мектебі» жобасы аясында «Дұрыс тамақтану туралы әңгіме» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Республикалық «Әдістемелер» байқауы өтті.

Байқауға қалалық кезеңнің жеңімпаздары, Астана және Алматы қалаларының бастауыш сынып педагогтері қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша:
Гран-при – Абдуразакова К. А., Алматы қаласы 119 мектеп-лицейінің мұғалімі;
1-орын – Ахметова С., Алматы қаласы №105 гимназиясы;
2-орын – Әубәкірова А. М., Астана қаласының №4 мектеп-гимназиясы;
3-орын – Атымтаева К. К., Астана қаласы №51 мектеп-гимназиясы.

Жеңімпаздар естелік сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған